Қостанайда үздік спортшылар мен жаттықтырушылардың есімдері аталды

ҚОСТАНАЙ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қостанайда спорттық жылдың қорытындылары шығарылды. Облыстық туризм және спорт басқармасы жыл сайынғы дәстүрін жалғастырып, жергілікті үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды айқындады.

Атлетикалық рейтингтің бірінші орнында ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, ХХХ Олипиада ойындарының қола жүлдегері Иван Дычко тұр. Одан кейін халықаралық спорт шебері, Лондон олимпиадасына қатысушы, Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан чемпионы Марина Масленко, коньки тебу спортынан Азия чемпионы Денис Кузин, басқа чемпиондар - палуандар Максим Гербер мен Мақсат Ережепов, шорт-трекші Федор Андреев, велосипедші Артем Головащенко, пауэрлифтинг спортынан Залим Кувамбаев, полиатлоншы Елена Морозова бар.

Ал Владимир Шайрер, Сапабек Мұқышев, Николай Чудновский, Петр Пастушенко, Жамұхан Қасымханов, Николай Федоренко, Николай Хатунцев, Юрий Авдеев, Игорь Шилов, Василий Кнышев үздік жаттықтырушылар қатарында.