Бұл туралы брифингте Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің айрықша маңызды тапсырмалар жөніндегі аға тергеушісі Бауыржан Жиеншенов мәлім етті. Оның айтуынша, олар ашық сатылатын су белгілері бар қағазды пайдаланып, жалған ақша мен құжаттарды кәдімгі принтерде басып келген. Құны 500 теңгелік жалған ақшалар принтерден шыққаннан кейін, оған тырнақ бояйтын бояумен сызық салынатын болған.
Пәтерді тінту барысында полицейлер құны 500 теңгелік ақшаның суреттері бар А4 форматты 10 парақ пен 72 жалған ақша, жалған жүргізуші куәліктерін тапқан. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.