Комбинат директоры Майля Тороянның сөзіне қарағанда, кешеннің өнімділігі жылына 70 мың шаршы метрді құрайды. Технология түрі - ірі панельді құрылыс. Құрылыс кезеңінде 150 және ғимаратты пайдалануға беру кезінде 70 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Германиялық EBAWE Anlagentechnik GmbH компаниясымен жабдықтарды жеткізу жөнінде келісім-шартқа қой қойылды. Жобаны «Қазақстанның Халық банкі» АҚ қаржыландырады. Үй құрылысы комбинатын іске қосу аз уақыт ішінде баспана мен тұрғын емес ғимараттарды салуға, құрылыстың бағасын әлдеқайда төмендетуге, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында облысты баспанамен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың пікірінше, үй құрылысы комбинатын іске қосу арқылы Қостанайда жаңа үйдің құнын - 1 шаршы метр үшін 90 мың теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік пайда болады.
Жергілікті билік өкілдері екі ірі инветициялық жобаның тиімді жұмысы үшін инженерлік коммуникация құрылысында мемлекеттік көмек қажет екенін Премьер-Министрге мәлім етті.