Қостанайда жарты тоннадай есірткі отқа оранды

ОСТАНАЙ. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанайда есірткінің ірі партиясы өртелді. Акцияны полицейлер ұйымдастырып, оны құрамына қоғам өкілдері мен шенеуніктермен қоса, жергілікті ЖОО студенттері кірген арнайы комиссия алдында жүзеге асырды.

Жалпы алғанда 470 киләдан астам марихуана мен 9 килә гашиш өртелді. Қостанай облыстық ІІД Анықтау басқармасының аға анықтаушысы Елена Милоянина хабарлағандай, аталмыш есірткі заттары қылмыстық істер бойынша айғақ заттар болып табылады.

Осыған дейін хабарланғандай, тамыздың 13-інде Қостанай облысындағы Бегежан кенішінен екі шақырым жерден полицейлер қолында бір қап кептірілген марихуанасы бар ер азаматты ұстады. Одан таяу жерден полицейлер қосымша 24 қап марихуана тығылған жасырын ұраны да анықтады.

Жыл басынан бері Қостанай облыстық ІІД полиция қызметкерлері 653 килә түрлі есірткі заттарының көзін жойды.