Анықтаушылар нақтылағандай, астық тасып келе жатқан көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған. Жол-көлік апатының құрбаны оқиға орнында қаза тапты.
Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Кашарина хабарлағандай, жүргізуші тұтқынға алынып, дәрігерлік сараптамаға жіберілді. Сараптама нәтижесі жүргізушінің қанында алкоголь бар екенін нақтылады.