Оқиға 9 қазан күні сағат 19:50 шамасында болған. «Lexus» автокөлігінің жүргізушісі Әл-Фараби мен Чехов көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолағында 40 жастағы ер адамды қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасынан соң жаяу жүргінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Кейін белгілі болғандай, зардап шегушінің қабырғалары сынып, аяғының буыны шығып кеткен.
«Осы факт бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабымен әкімшілік өндіріс ісі қозғалды. Күдіктіге қатысты іздеу шаралары жалғасып жатыр» - делінген ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.