ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 31 шілде күні Свинсовхоз ауылында өртенген үйдің ішінен денесінде зорлық белгілері бар екі адамның денесі табылған, содан бері қылмыскер іздестірілуде. Анықталғанындай, қаза тапқан адамдардың бірі 34 жастағы ер адам, екіншісі 56 жастағы әйел. Ал қылмыскер қолынан оқ тиіп, жарақат алған тағы бір зардап шеккен әйел ауруханада жатыр. Оның жағдайы ауыр, әйел ес-түссіз халде.
ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу амалдарын Рудный қалалық ішкі істер бөлімі жүргізуде, әріптестеріне облыс орталығының тергеу тобы көмектеседі. Жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.