Өзін-өзі қорғау тәсілдерінің шеберлігін Қостанай облысының түрлі полиция бөлімшелері мен өзге де күш ведомстволарының 130-дан астам қызметкері көрсетті. Екі күн бойы олар ел чемпионатына қатысу құқығы үшін күш сынасты.
Жарыстарға ұлттық және халықаралық санаттағы төрешілер - күрес бойынша спорт шебері Николай Максаков, дзюдодан спорт шеберлері Евгений Мовчан, Айдарбек Ақылбеков және самбодан спорт шебері Бағдат Өтенов төрелік етті.
Спортшылар сегіз салмақтық дәреже бойынша жарысты. Жалпыкомандалық есепте ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Академиясының самбошылары жеңіске жетті. Екінші орынды Қостанай облыстық ІІД құрамасының спортшылары алды, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті шекаралық қызметінің тобы қола жүлдені еншіледі. Жеңімпаздарға естелік кубоктар, грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды.