Қостанайдың жол полицейлері көлік ішіне жасырынған оқтарды тәркіледі

ҚОСТАНАЙ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қостанайдағы Қайырбеков-Пушкин көшелерінің қиылысында 22 жастағы қала тұрғынының «ВАЗ-2112» көлігі ішіндегі жолаушы орындығының қабынан аңшылық оқтары бар қорап табылды. Оқ-дәрілер тәркіленді.

Қазіргі уақытта Қостанай облысының жол полицейлері жедел әрекет жасағының қызметкерлерімен бірігіп «Арна-Көлік» операциясының аясында көліктердің ішінде тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеруде, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Полицейлер тексеру барысында есірткілік заттар мен оқ-дәрілерді сақтаудың бірнеше фактісін тіркеді. Тыйым салынған заттарды тәркілеу бүкіл облыс аумағында жүргізілуде.

Полицейлер шараларының барысында ұсталған барлық азаматтар Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерінің баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.