Тәртіп сақшылары есірткі тасымалымен айналысып жүрген әйелді қаладағы үйінен ұстады.
«Ол тергеу барысында 10 келіден астам героинді жұтып қоймақ болған. Бірақ, полицейлер дер кезінде тоқтата білді. Бұған қоса пәтерден электронды таразы табылды. Күдіктінің үш әпкесімен бірге пәтер жалдап тұратыны анықталды», - делінген ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ұсталған әйел бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір ҚР ҚК 296-бабы, 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.