Қостанайлық полицейлер ардагердің ұрланған Қызыл жұлдыз орденін қайтарып берді

ҚОСТАНАЙ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай ІІБ полицейлері Ұлы Отан соғысы ардагерінің ұрланған Қызыл жұлдыз орденін ұлы Олег Щербининге қайтарып берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Соғыс ардагері Иван Щербинин өзінің Мәскеуді қорғағаны үшін алған орденін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына беруге өсиеттеген болатын. Бұған ол үлгіре алмай, биылғы ақпан айында қайтыс болды. Ардагердің ұлы Жеңіс күні қарсаңында әке аманатын орындау үшін орден мен әскери кительді мұражайға тапсырмақшы болғанда, награданың із-түзсіз жоғалғанын білді.«Орденді ардагердің үйіне жөндеу жүргізген жұмысшылардың бірі ұрлаған болып шықты, - дейді облыстық ІІД басқармасының бастығы Елена Кашарина. ? Награда сатылып қолдан-қолға бірнеше рет өткен».Олег Щербинин қостанайлық полицейлерге жедел әрекеттері үшін алғыс айтып, әңгіме орденнің қайтарылғандығында емес, ең қымбат адамы ? әкесінің көзіндей қымбат ескерткіш екенін айтты.