Бұл туралы khabar.kz сайтында жазылған.
Айта кету керек, мұндай шоу еліміз бойынша тұңғыш рет Қостанайда өтіп отыр. Жергілікті әуесқойлар адамды қауіп-қатерде сынап, батылдығын ұштайтын спорттың бұл түрінің өркендеуіне ынталы.
«Бұл спорт дамып, кең өріс алуы үшін онымен айналысатын адамдардың қатары көбеюі керек. Көрермендер биіктігі үш метр, сырт көзге икемсіз, қораш көрінетін машиналардың адам сенгісіз трюктарды жасағанына куә болады. Бұл нағыз фантастика! Қостанай қаласы біздерді алғаш рет шақырды, қала күні мерекесіне тұңғыш рет қатысып отырмыз. Мен сіздерді осынау думандарыңызбен құттықтаймын, сәттілік, өркендеу тілеймін!» - дейді шоудың ұйымдастырушысы Александр Никаноров.