АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоянды ауылының жер мәселесі кезең-кезеңмен шешіліп келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингте Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мəлім етті.
«Қоянды ауылының жер мәселесі кезең-кезеңмен шешіліп келеді. Бас жоспарға түзету жүргіздік, жер учаскелері бөлшектелді», - деді С.Кулагин.
Оның атап өтуінше, қабылданған шаралар жерлердің бір бөлігін меншік иелігіне заңдастыруға мүмкіндік берді.
«Өз еркімен учаскелерді басып алған оқиғалардың саны 82 фактіге (195-тен 113-ке дейін) қысқартылды. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда», - деді ол.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.