Атаулы күн қарсаңында бұл жерде күрделі жөндеу аяқталды, оған 17 млн. теңге бөлінген болатын. Жаңа жиһаз, мерекеге концерт дайындаған шығармашылық ұжымдарға арналған әдемі сахналық киімдер сатып алынды. «Мереке қарсаңында сондай-ақ Жанабет ауылындағы клуб жөндеуден өтті. Бүгінгі күні ауданда 22 клуб және 23 кітапхана жұмыс істеп жатыр. Барлығы дерлік ауылдық аймақта мәдени-бос уақытты өткізетін мекеме бар. Өткен жылы аудандық Мәдениет үйі жаңартылса, келер жылы Жалаулы ауылдық аймағында Мәдениет үйі ашылады», - деп хабарлады Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Бибігүл Оспанова.
11:00, 17 Желтоқсан 2011
Қожамжар ауылының жаңартылған клубында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы атап өтілді - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылының тұрғындары республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығын жаңартылған ауыл клубында мерекеледі.