заң полковнигі Бақытжан Сәдібековты таныстырды.
Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Б.Сәдібеков қылмыстық атқару жүйе органдарында 1994 жылдан бері қызмет істеп келеді.
Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы болып тағайындалмай тұрып, ол Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қлымыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының бастығы, Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
Әділет министрі Р.Түсіпбековпен болған кеңес қорытындысы бойынша Б.Сәдібеков пен Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің алдына бірқатар міндеттер қойылды.