ҚР Әділет министрлігі ҚАЖК Павлодар әділет колледжінің курсанттары Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада болды

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бүгін Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Павлодар әділет колледжінің курсанттары Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.ҚАЖ оқу орнының баспасөз қызметі хабарлағандай, мәдени орталықта болғанда курсанттар кітапхананың бай қорымен, оның ішінде сирек кездесетін ескі кітаптармен, сондай-ақ электрондық оқулықтардың тізімдемесімен танысты. Электрондық әдебиетті қолдануға машықтанды. «Әділет» әлеуметтік-құқықтық ақпараттар орталығы курсанттардың кәсіби қызығушылығын туғызды, оның бөлім бастығы Бақытжамал Омарова курсанттарды пенитенциарлық жүйеге арналған әдебиеттермен таныстырды. Курсанттардың білімін жетілдіріп, оларды мәдениетке тартатын мұндай мәдени-бұқаралық шаралар жиі өткізіліп тұрады, деп атап өтті оқу орнының баспасөз қызметі.