Әбішев Бақыт Шалқарұлы 1965 жылғы 25 қыркүйекте дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтап, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей ұлттық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясы 2 курсының тындаушысы.
Оның алдында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы болып қызмет жасады.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы құрмет грамотасымен марапатталды.
Комитет төрағасының орынбасарлары - Венера Калимова, Ернар Ыбраев, Ерлан Қосмұратов.