Өткенді еске алу үшін мәңгі алаудың жанына 43 тыл еңбеккері мен соғыс ардагері жиналды. Айта кетейік, шараға қатысушылардың барлығы бұрын ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен және сол үшін А.Күрішбаевтың қолынан «Еңбек даңқы» төс белгілерін алған болатын.
Министр, аға буынды Жеңістің 65 жылдық мерейтойымен құттықтай келе, оларға денсаулық, ұзақ ғұмыр мен отбастарына бақ-береке тіледі.
Сондай-ақ, ардагерлерге концерттік бағдарлама әзірленіп, мерекелік шараның соңында олардың әрқайсысына бағалы сыйлықтар тарту етілді.