ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі малды вакцинациялауды кешіктірді

ӨСКЕМЕН. 4 қараша. ҚазАқпарат - Жануарларда кездесетін аса қауіпті індеттің алдын алу мақсатында вакцина жасау Мемлекеттік сатып алудағы әуре-сарсаңдарға байланысты қараша айында ғана жеткізіліп отыр. Ал бұл қажетті вакцина ағымдағы жылдың наурыз айында жеткізілуі тиіс болатын. Жоспарға сәйкес вакцинация жасау уақыты зая кетіп, бұл ірі қара мал арасында қауіпті індеттің таралуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Сонымен қатар, аймақ малшылары әлі күнге дейін ветеринарлық қызмет қай биліктің құзыретіне жататындығын түсіне алмай әлек - облыстық әлде республикалық. Ветеринарлық қызметтің қайта ұйымдастырылуынан кейін оның құрылымы түсініксіз болды, ал «ветеринарлық реформа» кезеңінде ірі қараны вакцинациялаумен ешкім де айналыспады.

Өз кезегінде аймақтық ауыл шаруашылығы басқармасында: «Бізде, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына штат бойынша үш мал дәрігерін берді. Олардың өзінің өкілеттілігі шектеулі, қалған бақылау қызметі Министрліктің құзыретінде қалды. Біз өзіміз ешнәрсе жасай алмаймыз. Қазір кейбір аудандарда аусыл ауруы тарады деген күдік бар. Бірақ біз өз өкілеттігімізбен ешқандай шара қолдана алмаймыз», - дейді.