АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы өзінің ресми сайтында (www.prokuror.kz) Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орын алған оқиғалардың жаңа бейнематериалдарын жариялады.
Кадрда олардың құқық қорғаушылармен арадағы сұхбаттары көрсетіледі.
Бұған дейін ҚазАқпарат жоғары қадағалаушы орган шұғыл өткізілген брифинг барысында көрсетілген түрлі дереккөздер және полиция қызметкерлері түсірген Жаңаөзен қаласындағы орталық алаңда орын алған тәртіпсіздіктер жайлы бейнематериалдарды жариялаған болатын.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.