Мұндай тапсырманы ол бүгін Теміртауда өткен моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңесте берді.
«Облыс әкімдіктері 15 маусымға дейін әр шағын қаланы дамытудың кешенді жоспарын келісу үшін Экономикалық даму және сауда министрлігіне ұсынсын. Комиссияда біз бұл жобаны қарастыратын боламыз, әкімдер оларды қорғайды», - деді С. Ахметов.
Өз кезегінде Экономикалық даму және сауда министрлігі осы жылдың 1 шілдесіне дейін облыс әкімдіктеріне кешенді жоспарлардың жобаларына қатысты ескертпелерін жолдап, мемлекеттік қолдау білдіру үшін инвестициялық жобаларды конкурстық негізде іріктеп алуы тиіс.