ҚР Цифрлық даму министрлігінің Комитет төрағалары тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Комитеттерінің төрағалары тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарышөнеркәсібі министрінің бұйрығымен Телекоммуникациялар комитетінің төрағасылауазымына Виталий Владимирович Ярошенко, Аэроғарыш комитетінің төрағасылауазымына Баубек Жеткергенұлы Оралмағамбетов тағайындалды.

ВиталийЯрошенко 1977 жылы дүниеге келген. Ақмола аграрлық университетін, Қазақгуманитарлық-заң университетін, Көкшетау экономика және менеджмент институтынтәмамдаған.

2003 жылдан бастап байланыс саласына жетекшілікететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді. 2015–2017 жылдары ҚР Инвестициялар және дамуминистрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасыныңорынбасары, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланысдепартаментінің директоры, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігініңБайланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитетітөрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды. 2017–2019 жылдары — ҚР Ақпаратжәне коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті төрағасыныңорынбасары.

2019 жылғы ақпаннан бастап ҚР Ақпарат жәнекоммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің төрағасықызметін атқарды, 2019 жылғы мамырдан бастап ҚР Цифрлық даму, қорғаныс жәнеаэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы.

Баубек Оралмағамбетов 1983 жылы Ақтөбе облысындадүниеге келген. Мәскеу авиация институтынбітірген.

Еңбекжолын 2006 жылы М.В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістікорталығында инженер-конструктор болып бастаған.

2010–2012жылдары «Бәйтерек» Қазақстан–Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ өкілдігінде басмаман, бөлім басшысы болды.

2012–2014 жылдары — ҚР Ұлттық ғарыш агенттігініңҒарыш қызметін дамыту департаменті директорының орынбасары; директоры.

2014–2015жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетініңЖобаларды сүйемелдеу басқармасының басшысы.

2015–2016жылдары — «Ғалам» ЖШС бас директоры.

2016–2017жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетітөрағасының міндетін атқарған.

2017 жылғы мамырдан бастап ҚР Қорғаныс жәнеаэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасарылауазымын атқарған.

2019 жылғы мамырда ҚР Цифрлық даму, қорғаныс жәнеаэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы қызметінетағайындалды.

Соңғы жаңалықтар