ҚР екі облысының жолдарында көліктердің қозғалысы жабылған - ТЖМ

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қолайсыз ауа-райы жағдайларына байланысты Ақтөбе және Алматы облыстарының көлік жолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлайды Қазақстан ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

ҚР ТЖМ-інде нақтылап айтқандай, Ақтөбе облысының «Қобда-Ойыл» көлік жолында көліктердің барлық түрлерінің қозғалысы тоқтатылса, Алматы облысында «Үшарал - Достық» жолының 82-167 шақырымдары жабылған.