Бағдарламада халық композиторлары мен Қазақстан композиторларының, сондай-ақ шетел композиторларының романстары мен операларынан ариялар орындалады.
Айта кетейік, Рымкеш Жұмаділова 1957 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қарамеңді ауылында туған . 1986 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Қазір Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік опера және балет театрында әнші және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаз.