Кездесулер аясында Ж.Сүлейменов шекарадағы аудандарға барады, сондай-ақ облыста есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша жұмыс істеп жүрген үкіметтік емес ұйым мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездеседі.
Комитет төрағасы аймақтағы жұмысын баспасөз өкілдерімен кездесуден бастап, журналистерге жедел жағдай туралы ақпарат берді. Ол Ішкі істер министрлігі, мүдделілік танытқан мемлекеттік органдар елдегі есріткі жағдайын жақсарту бойынша жүйелі түрде іс-шаралар өткізіп тұратындығын жеткізді.
«Тоғыз ай ішінде ішкі істер органдары 6,5 мыңа жуық есірткі қылмыстарын анықтады», - деп атап өтті Ж.Сүлейменов.