«Күткеніміздей, полицейлердің жуырда таныстырылған жаңа формасына қатысты көптеген адам пікірін білдірді. Әсіресе, латын графикасындағы «Полиция» сөзі жұрттың назарын аударған. Құзыретті органмен бірге осы мәселенің шешімі ізделіп жатыр», - делінген хабарламада.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, ұсынылған форма пилоттық үлгі болып табылады. Олар қызу талқылаулардың нәтижесінде полицейлердің заманауи, ыңғайлы, бастысы функционалдық формасы жасалатынына сенім білдірді.