Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Біздің әріптестеріміз, полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев қызметтік міндетін адал атқарып, әріптестеріне үлгі болып, болашаққа жоспар құрды. Олардың өмірін қиған қайғылы оқиға барлық қазақстандықтарды дүр сілкіндірді», - деп атап өтті ІІМ басшысы.
Учаскелік полиция инспекторлары Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиев қаза тапқан соң Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
«Бүгін мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларды тапсыру үшін келдім», - деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев.
Ол ішкі істер органдарының қызметкерлері әрдайым қылмысқа қарсы күресте және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде алдыңғы қатарды жүретінін атап өтті.
«Полицейлердің күнделікті жұмысы өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді. Сын жағдайларында бірнеше секунд ішінде олар жауапты шешімдер қабылдауға мәжбүр»,-делінген хабарламада.