деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Кеңесте ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев ведомствоаралық комиссияның жұмысы туралы баяндады және ӘКК активтерін жергілікті атқарушы органдарға берудің егжей-тегжейлі шараларын ұсынды. Бұл қадам Мемлекет басшысының жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі алға қойған жаңа міндеттері ескеріле отырып, әкімшілік реформалар ауқымында жасалды.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып жұмысты жалғастыруға, сондай-ақ ӘКК-лерді бизнесті дамыту жөніндегі аймақтық корпорациялар етіп қайта құру үдерісін шапшаңдатуға тапсырма берді.