ҚР Қаржы полициясы жалған кәсіпорындар арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан 53 қылмыстық топты әшкереледі

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылы еліміздің Қаржы полициясының органдары жалған кәсіпорындардың шоттары арқылы ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан 53 қылмыстық топтың іс-әрекетін әшкереледі.

Бұл туралы бүгін Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Заңсыз кәсіпкерлік фактілері бойынша 500-ден астам қылмыстық іс қозғалды. Олардың жалпы залалы 14 млрд. теңгені құрайды. Оның 13 млрд. теңгесі өтелді.

Оған қоса жалған кәсіпорындардың контрагенттерінен 59,1 млрд. теңге салық алынған.