Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.
Д. Тастанов 1963 жылы туған. С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген. 1992 жылы Жамбыл облысы бойынша Шу қаласы прокуроры көмекшісінің стажері болып жұмыс істеген. Прокуратура органдарында,соның ішінде басшылық қызметтерде, 2006 жылға дейін жұмыс істеген.
2006 жылғы ақпаннан 2007 жылғы қыркүйекке дейін - Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары. 2007 жылғы қыркүйектен 2010 жылғы ақпанға дейін - Павлодар облысы бойынша ЭҚСЖҚКД (қаржы полициясы) бастығы. 2012 жылы Қаржы полициясы агенттігі төрағасы кеңесшісінің м.а. болып тағайындалған, 2012 жылдың аяғынан бастап - Агенттіктің Тергеу департаментінің бастығы.
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының бұйрығымен Сарқытбек Молдабаев Қаржы полициясы академиясының бастығы болып тағайындалған.
С. Молдабаев - 1987 жылы Алматыдағы КСРО ІІМ милициясының арнайы орта мектебін, 1992 жылы - Ленинградтағы КСРО ІІМ жоғары саяси училищесін, 1997 жылы -Алматыдағы ҚР МТК Жоғары мектебінің адъюнктурасын, 2004 жылы -Санкт-Петербургтегі РФ ІІМ институтын бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор ғылыми дәрежесі бар.
1983 - 1996 жылдары ҚР ішкі істер органдарында қызметтен өткен. 1996 жылдан 2004 жылға дейін сот органдарында: Талдықорған және Алматы облыстық сотының судьясы, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының төрағасы, ҚР Әскери соты қылмыстық алқасының төрағасы болып жұмыс істеген. 2005 - 2007 жылдары - «Қазақстан Халық банкі» АҚ департаментінің директоры, басқарма бастығы.
2006 - 2007 жылдары Қазақстанның кеден қызметінде - ҚР ҚМ КБК басқарма бастығы болып жұмыс істеген. 2007 жылдан - ҚР ІІМ Алматы заң колледжінің бастығы. 2008 жылдан -ҚР Қаржы полициясы академиясы бастығының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары. 2009 жылдың тамыз айында ҚР Бас прокуратурасы институтының директоры болып тағайындалған. 2011 жылғы қаңтардан қарашаға дейін - ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі. 2011 жылғы желтоқсаннан бастап - ҚР Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің инспекторы.