деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнир шеңберінде наурыздың 13-14-і аралығында топаралық ойындар өткізіліп, 4 үздік команда анықталды. Олар - Автомобиль жолдары мен Көліктік бақылау комитеттері, Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті мен «Барыс» құрама командалары.
Турнир соңында үздік ойыншылар да анықталды. Олар - Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әділет Бәрменқұлов, қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Болат Бекмағамбетов, вице-министрдің көмекшісі Жанат Қабышев («Барыс» командасы), Көліктік бақылау комитетінің бас сарапшысы Жандос Әлменов, Автомобиль жолдары комитетінің бас сарапшысы Жантөре Көбейсінов, Автомобиль жолдары комитетінің сарапшысы Ерлан Жұмағұлов.
Наурыздың алдағы 20-сы күні турнирдің қорытынды матчы өтеді. Жеңімпаз команда ауыспалы кубокпен және 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталады. Топтың үздік ойыншыларына «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» аталымдары бойынша бағалы сыйлықтар беріледі.