ҚР Қорғаныс министрі Ақтөбе Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында болды

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтында болды,

деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы институттың курсанттар даярлайтын оқу-материалдық базасымен  танысты және профессор-оқытушылар, ұшқыш-нұсқаушылық, сондай-ақ инженер-техниктер құрамымен әңгімелесті.

Әскери оқу орны 1996 жылы маусымның 4-інде Ақтөбе азаматтық авиациясының жоғары ұшқыштар училищесінің базасында құрылды. Бүгінде ол ҚР Қарулы Күштері авиациясы үшін офицер кадрларын  даярлайды. 2003 жылы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына айналды. ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің шешімімен ол ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерінің қарулы күштері үшін әскери кадрларды бірлесе даярлайтын оқу орындарының тізіміне енгізілді.

Баспасөз қызметінің хабарлағанындай, Ә.Жақсыбеков бүгін сондай-ақ әскери госпитальда, артиллериялық бригадада және Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының әскери кафедрасында болды.