Сапар барысында - тәулік сайынғы қуаттылығы 183 мың текше метрді құрайтын қалалық «Павлодар-Су арнасы» ЖШС-нің тазалау құрылғыларын аралайды.
Мұнда министрге 2012-2014 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны көрсетеді - одан табиғатты қорғау шараларына 113 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр.
Министрдің келуін күтіп отырған кәсіпорындар қатарында сода мен хлорды шығару өндірісі құрылған «Каустик» АҚ бар. Н.Қаппаров алюминий шығаратын Қазақстан электролиздік зауытына, Ақсу ферроқорытпалар зауытына және Ақсу қаласының «Еуроазиялық энергетикалық бірлестігі» жылу электр стансасына барады.