Мемлекеттік хатшы бүгінде түсірілімнің басынан экранға шығуға дейінгі киноөндірістің толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын жаңартылған сандық және түсіру кешенін, анимациялық студияны және басқа да нысандарды аралап көрді.
Еліміздің жетекші киногерлерімен кездесу аясында кино саласының ағымдағы жай-күйі, киностудияның жаңа жобалары мен отандық кинематографияның келешегі туралы пікір алмасылды.