деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу барысында тараптар Орталық Азия - Қазақстан - Еуропалық Одақ байланыстарының жағдайы мен перспекивасы мәселесін талқылады. Бұдан басқа, Испанияның Еуроодаққа төрағалығы кезеңіндегі Қазақстан-ЕО диалогының саяси міндеттері мен басымдықтары жайында сөз болып, «Еуропаға жол» бағдарламасы мен ЕО және Орталық Азия Стратегиясының жүзеге асуы қозғалды, энергетика мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі өзара ынтымақтастық туралы әңгіме өрбіді. Сонымен бірге, Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне қатысты шараларға баса назар аударылып, Астана мен Брюссель арасындағы Ынтымақтастық кеңесінің 11-ші отырысында қол жеткен шешімдерді жүзеге асыру жайы талқыланды.
Тараптар сондай-ақ, Қазақстан мен ЕО арасында жаңа базалық келісім жасау туралы пікір алмасып, халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша ойларын ортаға салды.