16:33, 14 Сәуір 2009
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттар тобы Атырау облысына келді
АТЫРАУ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелері Атырау облысына келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Депутаттардың облысқа келуінің негізгі мақсаты - Елбасының «Дағдарыстан ? дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру, Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы және елдің әртүрлі аймақтарында оның орындалу барысы туралы жұртшылықты хабардар ету.Мәжіліс депутаттарының алғашқы кездесуі Атырау мұнай өңдеу зауытында өтті. Қазақстанның барлық үш мұнай өңдеу зауытын жаңарту қажеттігі Жолдауда айтылған болатын. Депутаттар кәсіпорында оған әзірлік қалай жүргізіліп жатқанына назар аударды.Сондай-ақ олар «Атырау» мұнай айдау стансысында болып, қазақстандық мұнайды экспортқа шығару көлемімен танысты және оны ұлғайту мүмкіндіктеріне ден қойды.