ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 20 желтоқсанда өтеді

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын 20 желтоқсанда шақыру туралы Өкімге қол қойды.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін ұсынады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Өкімі № 105

Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2013 жылы 20- желтоқсанда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин

Астана қ, 18 желтоқсан 2013 ж.