ҚР Парламенті Сенатының депутаты Көкшетау университетінің студенттерімен кездесті

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде студенттермен және педагогтармен кездесіп, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы турасында әңгіме өрбітіп, туындаған сауалдарға жауап берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтулы оқу орнының профессоры Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында белгіленген басым бағыттар, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы, шәкіртақы мен зейнетақының өсуіне тоқтала келе, айтулы әлеуметтік жеңілдіктер әлемдік қаржы дағдарысы кезінде де жалғасын тауып отырғанына бас назар аударды. Қазіргі кезде жастарға әлемдік деңгейде білім алуға, ғылыммен шұғылдануға, мамандығы бойынша ел дәулеті жолында еңбек етуге жағдай жасалынған. Ендігі уақытта жас маман ауылға барып, білімін халық игілігіне жұмсауы қажеттігіне ерекше тоқталды. Соған орай мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп отырғанын, ортақ істен кәсіпорындар мен кәсіпкерлер де қалыс қалмайтынын жеткізді. Сенатор өз кезегінде жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, білім жолында табандылық танытуларына тілестіктігін білдірді.