Аталмыш зауыт 2005 жылы пайдалануға берілген, өндірістік шығару қуаты - жылына 320 шақырымдық әйнек-талшық құбыр. Зауыттың 70 пайызға жуық өнімі экспортқа шығарылады. Болашақта әйнек-талшық сыйымдылығы мен резервуар өндірісі бойынша желіні іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, зауытты аралау барысында Үкімет басшысына Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында пайдалануға беріліп отырған Ақтөбе облысының жобалары таныстырылды. Ағымдағы жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 24 жобаны пайдалануға беру көзделген, оның 12-сі бірінші жартыжылдықта іске қосылып үлгерілген.
Естеріңізге сала кетейік, Үкімет басшысы Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен жүр.