Атап айтқанда Үкімет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ арқылы қаржыландырылып салынып жатқан халықаралық шаңғы трамлиндері және электр кішістансылары құрылысының барысымен танысты. Бүгінде трамплиндердің құрастырмалары құрылысы толық аяқталды.
Бұдан басқа, К.Мәсімов Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында, жоғары таудағы «Медеу» спорт кешенінде, «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешенінде болды. Құрылысшылардың айтуынша, бүгінде қаржыландыру толық келіп түсті, жұмыстар кестеге сай жүргізілуде, нысандар тиісті мерзімінде пайдалануға беріледі.
Ертең, наурыздың 24-інде Премьер-Министр Алматыдағы құрылыс және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылау жөніндегі кеңеске қатысады.