«Кеше Премьер-Министр кездесу өткізді. Оған компанияның бас директоры Виджай Махадеван екеуміз қатыстық. Талқыланған мәселелердің бірі - «Альянс Полис» сақтандыру компаниясының тиісті сомаларын өтеуі. Премьер-Министр сақтандыру компанияларын қадағалауды жүзеге асырушы орган ретінде Ұлттық банкке Бас прокуратура ұсынысының негізінде 30 күн ішінде, яғни 1 желтоқсанға дейін «Альянс Полис» берешек болған барлық тиісті сомаларды өтеуді қамтамасыз етуге тапсырма берді», - деді И. Хмелик.
21:41, 29 Қазан 2013
ҚР Премьер-Министрі «АрселорМиттал Теміртау» шахтерлеріне берешектерін 1 желтоқсанға дейін төлеуді қамтамасыз етуді тапсырды
ҚАРАҒАНДЫ. 29 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтерлеріне толық көлемде берешектерін 1 желтоқсанға дейін төлеуді қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы бүгін Теміртауда өткен баспасөз мәслихатында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Иво Хмелик хабарлады.