«Astana EXPO 2017» көрмесіне 311 күн қалды. Көрме кешенінің құрылыс нысандарында. Астана, 2 тамыз 2016 жыл», - деп жазды ҚР Премьер-Министрі.
«Астана Экспо-2017» ҰК АҚ төрағасы А. Есімов К.Мәсімовке көрме нысандарының құрылысы туралы баяндады.
Кәрім Мәсімов көрме кешені нысандарының құрылыс барысымен танысты.
«Болашақ Энергиясы Музейі» Қазақстан Павильонының Тұжырымдамасын Мемлекет басшысы, Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2015 жылғы 2 қазанда мақұлдады.
«Болашақ Энергиясы Музейін » аралау «Болашақ Астана» 8-ші деңгейінен басталады. Жалпы ауданы 1918 шаршы метрді құрайды.
ЭКСПО-2017-ге дайындық бойынша жұмыс кестеге сәйкес қызу жүріп жатыр. Нысандар мен инфрақұрылым салуға отандық кәсіпкерлер кеңінен тартылуда.
Көрме кешенін аралау барысында Премьер-Министр қалалық жолаушылар көлігі мен такси қалай жаңғыртылатынын қарап шықты.
Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан соң еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «ЭКСПО -2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындаудың өзекті мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлады Pm.kz.
"AstanaEXPO 2017" көрмесіне 311 күн қалды. Көрме кешенінің құрылыс нысандарында. Астана, 2 тамыз 2016 ж. 311 дней до "АstanaEXPO 2017". На стройке объектов выставочного комплекса. Астана, 2 августа 2016 г. 311 days before АstanaEXPO 2017". On the construction sites of the exhibition complex. Astana, August 2, 2016
Видео опубликовано Karim Massimov (@kmassimov) Авг 2 2016 в 5:24 PDT