ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаевтың хабарлауынша, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аймақтардағы кәсіпкерлікті дамытуға бағдарланған. Онда кәсіпкерлікті дамыту есебінен аймақтарда тұрақты жұмыс орындарын құруға бағытталып, әрбір аймақтың экономикалық әлеуеті ескеріледі және 4 негізгі бағыт бойынша іске асырылатын болады:
- несиелер бойынша пайыздық ставкалармен субсидиялау;
- кепілдік берілген несиелер;
- индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту;
- бизнеске сервистік қолдау көрсету.
Премьер-Министр талқылау қорытындылары бойынша бағдарламалардың жобаларын пысықтауды және ҚР Үкіметінің кезекті отырысында қарау үшін құжаттарды даярлауды тапсырды.