Сондай-ақ, К.Мәсімов «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын шағын ауданы құрылысының сапасын бағалайды және қазақстандық электромобильдер шығаратын зауытқа барып, ауыл шаруашылығы және металлургияның бірқатар кәсіпорындарын аралайды.
Сол күні К.Мәсімов ауыл шаруашылығы кәсіпорындары басшыларының қатысуымен мал шаруашылығын дамыту бойынша жеке кеңес өткізеді. Отандық кәсіпорындардың қуаттылықтарын жүктеу және өндірілетін өнімдердің сапасын арттыру мәселелеріне айрықша көңіл бөлінеді.
Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-Министрі К. Мәсімов еліміздің өңірлерін жұмыс сапарларымен аралап жүр.