ҚР Премьер-Министрі Петропавлда кардиологиялық орталықтың жұмысымен танысты
16:08, 08 Шілде 2010
ПЕТРОПАВЛ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары ауқымында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Петропавлда қалалық №2 «Кардиологиялық орталық» ауруханасында болды.
Бұл медицина мекемесі 240 кереуетке арналған, ауруханада кардиохирургиялық, терапевтік, кардиологиялық және хирургиялық бөлімшелер бар. Аурухана жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Мекемеде 45 дәрігер және 160 орта медицина қызметкері жұмыс істейді.