Екі қабатты гимназия ғимараты екі блоктан құрылған, тұрғынжайдың жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрайды. Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Мекемеде 47 адам жұмыс істейді, оның ішінде 13-і жоғары білімі бар ұстаздар. Балалар бақшасында 6 топтық бөлме, ән-күй залы, медициналық блок, физиокабинет, бассейн, спорт залы, фитобар, компьютер кабинеті, сурет студиясы мен психолог кабинеті бар.
Мекеме 1992 жылдың қарашасында құрылған.