ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына аттанып кетті

None
КӨКШЕТАУ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Бейсенбі, шілденің 8-і күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына аттанды.

Түске дейін Үкімет басшысы Тайынша ауданындағы «Баско» ЖШС ет комбинатында, «Тайынша Астық» ЖШС сүт кешенінде болады, сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілермен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланатын кездесу өткізеді.

Күннің екінші жартысында К.Мәсімов Петропавл қаласындағы №2 қалалық ауруханада, «Ақбота» балалар бақшасында, «СевКазЭнерго Петропавл» ЖШС-інде, «Петропавл құрылыс заттары зауыты» ЖШС-інде болады. Осы нысандарды аралау барысында Премьер Мемлекет басшысының «Балапан» бағдарламасы аясында мектепалды мекемелердің желісін кеңейту туралы тапсырмасының орындалу барысын, облыстың жылу маусымына дайындығын талқылап, Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан инвестжобалар мен «Нұрлы көш» бағдарламасы аясындағы үйлердің құрылысымен танысады.

Сонымен қатар, Кабмин басшысы кәріздік коллектордың жаңартылу барысымен танысып, «Абылайхан резиденциясы» мұражай кешенінде болады.