ОРАЛ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев бастаған үкіметтік делегация Батыс Қазақстан облысына келді.
Бүгін олар түске дейін Орал қаласы іргесіндегі, Зеленов, Тасқала және Ақжайық аудандарындағы су басқан жерлерді аралап шығады, тұрғындармен кездеседі.
Оралда бұрынғы облыстық балалар ауруханасы ғимаратында орналасқан эвакуациялық қосында болмақ. Түсқайта су тасқынының зардапдарын жою шараларына байланысты облыс әкімдігінде кеңес өтеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).