«Бізге сұйытылған газ жөнінде бағдарлама қажет деп санаймын.Оған күмән жоқ, сондықтан да мен мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевқа біз сұйытылған газ жөнінде не істеуіміз қажет екендігі жөнінде Үкімет саясатын әзірлеуді және жасауды тапсырамын», - деді К.Мәсімов.
Бұдан басқа, Премьер-Министр Мұнай және газ министрлігіне республикада сұйытылған газ шығараын кәсіпорын құру мәселесін қарастыруды тапсырды.
«Менің ойымша, бір ілкі жоба жасау қажет. Оны ұзаққа созбай, бюджетті нақтылауға дейін үлгеріп, қаржы қарастыру қажет, ілкі жоба қалай жұмыс істейтінін көрейік», деп жалғастырды сөзін Премьер.
Осыған байланысты К.Мәсімов екі аптадан кейін бұл мәселе бойынша кеңес өткізуді тапсырды.