«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жас жігіттерді министр етіп тағайындадым. Ана Әбілязовтың өзі небәрі 30 жасында министр болып еді. Барлық уақытта оған жақсылық жасадым, сүрінді. Екінші рет те кешір, ал үшінші рет қош айтыс. Мен осы пікірді ұстанамын. Жалпы, мен өзім бір рет сатқындық жасағанға қайтып сенбеймін. Мен мұны дұрыс деп санаймын. Мүмкін қатаң болуы да мүмкін, бірақ дұрыс. Ол міндетті түрде тағы да солай жасайды», - деді Елбасы.
ҚР Президенті осы ретте арнайы мемлекеттік қызмет туралы заңның қабылданғанын еске салып өтті.